KZ
|
EN
|
RU
LANGUAGE
ACADEMY
Тапсырыс қоңырау
+7 (727) 263 13 72

+7 (701) 035-75-10

+7 (705) 831 29 99
Алматы қ. Шукшин 16


БІЗ ТУРАЛЫ

ОРТАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Шет тілдері курстарының көп болғандығына қарамастан, жақсы тіл үйрететін мектептері жеткіліксіз, ал шет тілін, әсіресе ағылшын тілін үйренуге деген сұраныс күннен күнге өсіп келеді. Бұл нарығымызға шетел компанияларының келуіне, халықаралық туризм көлемінің артуына, ғаламтордағы ағылшын тілді сайттарының өсуіне байланысты. Жалпы, біз қоғам үшін пайдалы нәрсе жасағымыз келеді, ағылшын тілін үйренуді шешкен тұлғаларға көңілін қалдырмайтындай қажет білім беруді қалаймыз. Біз оқушыларымыздың үміттері мен жоспарларын бұзуға құқылы емеспіз, дәл осы себеппен біздің білім берудің жоғарғы стандарттарынан сәл де болса шегінуге еркіміз жоқ. Біз оқу үшін ыңғайлы жағдай жасаймыз. Бізде жабдықталған аудиториялар, көрнекі материалдар, сонымен қатар аудио және видео кітапханалары бар.

ОҚЫТУШЫЛАР

Біздің орталығымыздың мақтанышы – біздің оқытушыларымыз. Бізде тамаша білікті мамандар жұмыс істейді: қазақстандық және шетелден келген дипломды мамандар. Біздің педагогтар жиі өз біліктілігін көтеріп тұрады және білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды қадағалап отырады. Осындай дарынды шығармашылық иелері үйрететін сабақ - жай ғана шаршататын жаттау емес, ол нәтижеге бағытталған барлығы түсінікті болатын үдеріс.

ОҚЫТУ ӘДІСІ

Сабақтар тілдік кедергіні жоюға бағытталған. Шет тілін үйрету кезінде коммуникативтік әдіс негізге алынады, ол әрдайым жаңартылады, бүкіл әлем бойынша бұрыннан бері қолданылып және өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді.

ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕР

Біз оқытуды үздік еуропалық орталықтарда жасалған заманауи оқыту-әдістемелік кешендерді қолданып құраймыз, олар кейін қазақстандық студенттердің ерекшеліктеріне сай біздің орталықтың әдіскерлерімен тиянақталады. Оқытуда мына материалдар қолданылады: Macmilan , Pearson Британ баспаларының Oxford University, Cambridge University. Оқытуда әдістемелік қолдау беретін озық еуропалық баспалар. Шет тілдерін оқуыту халықаралық талаптарына сәйкес жасалған бағдарламалар қолданылады. Бизнес курсы — сөйлесу және жұмыста қажет болатын іскери ағылшын тілі, ағылшын тілін меңгерген тыңдаушыларға 3 деңгейде берілген. Бұл жағдайда, ағылшын тіліндегі күрделі лексикалық айналымдар мен іскери сөйлесу нормалары оңай беріледі. Бизнес курсы — бұл ағылшын тілін қажет ететін, және ағылшын тілі белгілі бір мақсаттарға жетудің құралы болатын шынайы іскери әңгіме жағдайына араласу. Іскери ағылшын тілі курсын өтсеңіз Сіз: • презентация жасай аласыз; • телефон арықыл өзіңіз келіссөз жүргізе аласыз; • бизнес кейстерді шеше аласыз; • хат жаза аласыз; • конференция ұйымдастырып онда қатыса аласыз және т.б. Осы іскери сөйлесудің салаларының барлығы маркетинг, қаржы, хатшылық, менеджмент, логистика және т.б. қамтуы мүмкін.

АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ЖАЛПЫ КУРСЫ

Оқытуды ұйымдастырудың топтық түрі әуелгіден тыңдармандар бір-бірімен және оқытушымен сабақтар барысында көп әңгімелесу тәжірибесіне бағытталған. Әлемде ағылшын тілін үйретудің ең танымал әдісі - коммуникативтік әдіс болып табылады, себебі ол ең үздік әрі ең жылдам тәжірибелік нәтиже береді. Сабақта әңгіме барысында алған білімді бірнеше рет қайталау оларды тез жаттап есте сақтауға мүмкіндік береді. Әдетте, әр топқа ағылшын тілін білу деңгейі бірдей тыңдармандарды іріктейді, сәйкесінше, барлық қатысушыларға бірдей қателер тән, оларда ұқсас сұрақтер, проблемалар мен қиындықтар болады. Шағын тату ұжымда бірігіп туындаған қиындықтар мен кедергілерді бірге оңай жеңіп, және дұрыс шешімді тез табуға болады. Әрқашан жаңа ақпаратты талқылауға, сәттілікпен және сәтсіздікпен бөлісуге, дұрыс шешім жасауға көмектесуге және ұмытылған сөзді еске салуға болады. Материалды есте сақтаудың дискуссиялық түрі - ағылшын тілінде сөйлейтін ортаға кіруге және ағылшын тілінде сөйлейтін әлем қалай өмір сүретіндігін білу үшін тамаша ынталандырма болып табылады, сонымен бірге оқу материалын оңай меңгеріп аласыз.

ЖЕКЕ КУРС

Орталықтағы жеке ағылшын тілі курсының басты артықшылығы - оқыту әдісі болып табылады. Осының арқасында ағылшын тілін ғылыми пән ретінде (мектептегідей және институттағыдай) үйренбей, сөйлесу құралы ретінде үйренесіз. Сабақтарда көп уақыт теория мен сөйлесу тәжірибесін бекітуге, сонымен қатар сөйлесу дағдысын құруға бөлінеді. Әр сабақта тіпті сіз басынан бастап жеке ауызекі ағылшын тілін үйренетін болсаңыз да әрқашан көп сөйлейтін боласыз. Сұраныстарыңыз мен мақсаттарыңызға қарай біз сізге арнап оқыту бағдарламасын әзірлейміз. Оқытушы беретін қарапайым 1-2-3 қадамдарын жасай отырып, сіз әлбетте сөйлеп және тілді түсіне бастайсыз, және де міндетті түрде өз мақсатыңызға жетесіз.

КОРПОРАТИВТІК АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Корпоративтік ағылшын тілін үйрену бағдарламасына шетел азаматтарымен жұмыс жасаған кезде компания қызметкерлеріне қажетті тақырыптардың барлығы кіреді. Сіздің қызметкерлеріңізге арналған оқыту бағдарламасын әзірлеу кезінде сіздің компанияңыздың бизнес ерекшелігі ескеріледі. Орталықтағы корпоративтік ағылшын тілі сабақтарының басты ерекшелігі - барлық бағдарламалардың тәжірибеге сүйенетіндігі. Уақытының 80% қызметкерлеріңіз ағылшын тілінде сөйлеп, өз дағдыларын дамытады: келіссөздерге қатысу, презентация жүргізу, іскери хат-жазбалар, телефон келіссөздері. Сіз әрқашан қызметкерлеріңіздің оқыту үдерісін қадағалай аласыз. Персонал менеджері мен персонал оқытушысы әр студенттің сабаққа келуін және оның үлгерімін бақылап отырады.

ENGLISH CLUB

Ауызекі ағылшын тілі – бұл дағды болып табылады, ал кез-келген дағдыны жаттықтыру керек. Ауызекі ағылшын тілін үйрене отырып, сіз теорияны есте сақтап қана қоймай, ол теорияны шетел азаматтарымен сөйлескен кезде қолдана аласыз! Біздің студенттеріміз сабақтарда көп әңгімелеседі, жай тақырыптардан бастап біртіндеп күрделі тақырыптарға көшеді. Ауызекі ағылшын тілін үйрену тез әрі жылдам болады. Құралған оқыту құрылымының арқасында бастапқы сатыларда алынған білім кейін оқытуда қолданылады.

CHILDREN ENGLISH

Балалық шақта шет тілін оқып бастау жеңілірек: бала көбірек есте сақтап, жақсы қабылдағыш келеді. Балаларға арналған ағылшын тілі курсына бару арқылы бала ересектер ағылшын тілін үйренуде жолығатын көптеген қиындықтардан арылады. Сонымен бірге, Language Academy -дегі балаларға арналған сабақтар өте қызық, бұл оларды тиімді етеді. Language Academy мамандары ағылшын тілін балаларға үйрету қызық әрі көңілді болуы керек дейді, сондықтан сабақтарда ерекше оқыту атмосферасы жасалады. Балаларға арналған ағылшын тілі курстары кез-келген жасқа және дайындық деңгейіне арналған.