KZ
|
EN
|
RU
LANGUAGE
ACADEMY
Тапсырыс қоңырау
+7 (727) 263 13 72

+7 (701) 035-75-10

+7 (705) 831 29 99
Алматы қ. Шукшин 16


АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУ 

 

Студент үшін, әсіресе ересек студент үшін жаңа тілді үйрену мүмкін емес, немесе өте күрделі ұзақ тапсырма секілді көрінеді. Біз өзіміз үшін жаңа тілді ашқан кезде көптеген түсініксіз ережелерге жолығамыз да өзімізге деген сенімді жоғалтып, сабақтарды тастап кетеміз. Осындай жағдайда не көмектеседі? 

Тілді білу дәстүрлі түрде оқуға, жазуға, сөйлеу мен тыңдауға бөлінеді. Әдетте, оқушылардың көп уақыты сөйлеу дағдысын жаттықтыруға кетеді. Өте күрделі мәтіндерді жазып оқуға болады, алайда фильмдер мен өлеңдер жиі оқушыға "шынайы уақытта" қар көшкіні секілді зәулім ақпарат болып көрінеді. Бұл оқушының ызаланып, өзіне деген сенімділігін жоғалтуына әкеледі. Иә, Сіз әрқашан тыңдаған нәрсеңізді түсінбеуіңіз мүмкін. Алайда бұл қорқынышқты емес. Негізгі мәнді, басты сөздер мен дыбыстарды аулаңыз. Әрбір естіген сөйлемді ойластырудың қажеті жоқ. Осылай істейтін болсаңыз, келесі ойды өткізіп аласыз. Алдымен субтитрлері бар фильмдерді қарап бастаңыз. Қызықты сөйлемдерді жазып алып отырыңыз. Егер Сіз ағылшын тілін мүлдем білмейтін жаңа бастаушы болсаңыз, негізгі сөздерді аулап суретке қараңыз. Сөлеп тыңдауды жалғастырыңыз, сонда бқл кедергі жойылады. 

Балаларға арналған ағылшын тілі басынан бастап қызықты әрі ұнамды сабақ ретінде өткізілуі керек. Барлық жаңа білім мен дағдыларды бала ойын түрінде үйренуі керек. Ата-аналар баланың беталысы оң болған жағдайда ғана жетістікке жеттетіндігін түсіну керек. Үш жатағы баланы «құрғақ жаттауға» мәжбүрлеу - оның қарсылығына, жаман көңіл-күйге әкелуі мүмкін, бұл шет тілін үйренуге деген үлкен кедергі болуы мүмкін. Ойын – мектепке дейінгі балалар үшін негізгі қызмет түрі болып табылады, ол балаға неғұрлым қызықты болса, ол ойынды соғұрлым ұзақ ойнайды. Ата-аналар баланың сүйікті ойынын жаңа элементтер енгізу арқылы түрлендіре алады. Мұнда бала сөйлеуді және жаңа тақпақтарды үйренген кезде ойнаған ойындарды қолдануға болады. Бала ағылшын тіліндегі анықтама сөздерді оңай жаттап алады, мысалы, мұрын, көз, бетті көрсетіп ағылшын тілінде айту арқылы ол өз туған тілінде үйренгендей сөздерді есте сақтайды. Балаларға ағылшын тілі оны қоршаған тұрмыстық заттарды ағылшын тілінде айтатын болса үйреншікті болып кетеді: ойыншықтар, киім-кешек немесе жиһаз, тағам мен азық-түлік аттары. 

БІЗДІҢ САБАҚТАРЫМЫЗ НЕЛІКТЕН ҚЫЗЫҚТЫ ӘРІ ЕСТЕ ЖАҚСЫ ҚАЛАДЫ? 

• біз оқушылар санын бір топта бірдей жастағы және ағылшын тілін білу деңгейі бірдей 8 баладан аспайтындай етіп жоспарлаймыз. Бұл кішкентай студенттерге тілді үйрену жолында тез дамуға көмектеседі; 
 
• біз барлық балаларды жаңа материалды үйренуге қызықтыратындай тиімді топтық жаттығулар әзірледік; 
 
• біз тілдің барлық аспектілерін меңгеруге бағытталған жаңа материалды ұсынудың әртүрлі формаларын пайдаланамыз: оқу, әңгімелесу, тыңдау және жазу. Бұл үйлесімді нәтиже алуға және сабақты қарқынды әрі қызық етуге мүмкіндік береді. 
 
• біз интерактивті оқыту түрін қолданамыз: ойын, ойжұмбақ, пазлдар, өлеңдер, кино, жарыстар элемнеттері бар тапсырмалар. 

Біз сабақтарда жиі күліп ойнаймыз, сондықтан бала бізден қорықпайды, оған ыңғайлы әрі қызық болады. 

Сондықтан міндетті түрде бізге келіңіздер! Даладағы ауа райына қарамаңыз. Біз Сізге ыстық шай мен кофе беріп, ағылшын тілін қызықтауға апарамыз.